Халықаралық жастар күніне орай Алматы облысында жас буынның бастамалары мен жетістіктерін қолдап, зияткерлік әлеуеті мен экологиялық мәдениетін арттыруға арналған 30-дан астам шара өтеді. Алдағы онкүндікте ұйымдастырылатын бастамаларға 20 мыңға жуық жас қатысады деп жоспарлануда.Жыл сайын 12 тамызда аталып өтетін Халықаралық жастар күні олардың азаматтық жауапкершілігі мен заңға құрметін нығайтуға, қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған. Айтулы мереке қарсаңында Алматы облысының жастары зияткерлік ойындарға, форумдар мен фестивальдерге, экологиялық челлендждер мен қайырымдылық акцияларға...